[Жанарыс - Момынқожа - Найман - Төлегетай - Қаракерей] Қаракерей баласы: 1. Ерторы, Байторы. Ерторы балалары: 1. Қызылым. 2. Жиренім. Жиренім баласы - Байсыйық (Байсасық). Бұларды «Семіз Найман» - дейді, беске бөлінеді: Мыңдыбай, Төбет, Жанқұлы, Жаңбыршы, Қарамолда - үш қатынның баласы. Байторыдан: Тайлақ, Жайнақ, Айрам, Майрам. Айрамнан - Қожамбет, Майрамнан-Байыс.
Байыстан бесеу: Сыбанқұл, Ақымбет, Мәмбетқұл, Сары, Тоқабай [93]. «Тоқабай Сарыны сәнге сабайды» - делінген. «Білсең, Кегенбаймын; білмесең, дегенбаймын» - деп келеді. Тоқабайдың жуаны Кегенбай, Байел болады.
Байыс жуан ел, оған қарағанда, Байсыйық - нашар ел. Бұрынғы заманда Байсыйық малы қолға түссе, Байыс ата малындай көріп, меншіктеп, төлеу бермей кетеді екен.
Біздің қазақта Қожа деген бар. «Бұл Қожа дегенің кім?» - деп сұрасақ, «Пайғамбар әулеті» - дейді
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев