Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллиннің сенбілік жұмыс күні Осакаров ауданында басталды. Алдымен облыстың бас сақшысы, аудандық полиция бөлімінің ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады. Полиция генерал-майорына алғашқылардың бірі болып, 2022 жылдың ақпан айына дейін, аталған бөлімде тергеуші лауазымында қызмет атқарып, өз еркімен жұмыстан кеткен Рустам Григорьев кірді. Ол департамент бастығынан жұмысқа қайта орналасу мәселесін сұрады.
-Сіздің Ішкі істер органдарына қайта жұмысқа қабылдануға ниет білдіргеніңізді білемін. Қазіргі уақытта департаменттің кадр саясаты басқармасымен қажетті барлық құжаттыр жинақталуда. Мен Сіздің ішкі істер органына қайта қабылдануыңызға министрлікке ұсыныс беріп, сұрағыңызды оң шешуге қолқабыс жасаймын,-деді Ерлан Файзуллин.
Осакаров ауданының белсенді азаматы Арнабек Акимбеков департамент бастығынан бөлім қызметкерлерінің қызметтік автокөліктеріне бейнетіркегіш құралдарын орнату, аудан орталығында жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларын көбейту, сондай-ақ ауданға сырттан келіп қызмет ететін қызметкерлерге қызметтік пәтер беру сұрақтарын көтерді.
Ішкі істер органы қызметкерлерінің жұмысына қолқабыс жасап, көмек қолын созуға ұмтылған Арнабек Акимбековке департамент бастығы алғысын білдіріп, жақын арада аудандық полиция бөліміне жол жүру ережесін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеу құрылғысы бар арнайы автокөлік бөлінетінін, пәтер мәселесін аудан және облыс әкімдерінің алдында көтеретінін айтты.
Облыстың бас сақшысы Ерлан Файзуллиннің азаматтарды қабылдауы барысында қылмыстық істердің тергелуі, аудандағы қаңғыбас иттерді аулау бойынша да меселелер көтерілді. Дер кезінде ашылған қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тараптың алғыстары да айтылмай қалмады.
Мәселен ауданға қарасты Маржанкөл ауылының тұрғыны Гүлшара Дүйсембина осыдан бірнеше ай бұрын асырап отырған ірі қарасын мал сатып алушыларға ақшаға өткізген. Алайда, сатып алушылар ақшаны бірер күннен кейін береміз деп Гүлшара Дүйсембинамен қоса бірнеше адамды алдап кеткен. Полиция қызмектерлері алаяқты ұстап, жауапкершілікке тартып, жәбірленуші тарап кеткен шығындарын өндіріп алған. Дер кезінде жасалған жұмыстың жемісін көрген азаматша департамент бастығына әріптестерінің сауатты қызметтері үшін алғысын айтты.
Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдаудан кейін департамент бастығы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Генерал –майор Ерлан Файзуллин әріптестеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен тәртіп сақшыларының алдына қойған басты міндеттерді жеткізіп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстың жолын кесу бағытындағы талаптарды жүктеді. Алдағы уақытта бұндай кездесу облыстың басқа да аудан қалаларында өткізілетін болады.
________________
Начальник ДП Карагандинской области посетил с рабочей поездкой Осакаровский район
Состоялась рабочая поездка начальника ДП Карагандинской области генерал-майора полиции Ерлана Файзуллина в Оскакаровский район. В отделе полиции он провел прием граждан и дал исчерпывающие ответы на интересующие их вопросы. Рустам Григорьев ранее по собственному желанию уволился из правоохранительных органов. Он обратился к Е. Файзуллину с вопросом о восстановлении на службе.
- Знаю, что, вы выразили желание вернуться на работу в органы внутренних дел, и буду ходатайствовать перед МВД РК о положительном решении, - сообщил начальник ДП области.
Общественник Осакаровского района Арнабек Акимбеков озвучил две проблемы: установка технических средств фиксации скоростного режима на служебные автомашины и обеспечение жильем молодых сотрудников.
- В ближайшее время в отдел полиции Осакаровского района будет передана автомашина, оборудованная техническим средством фиксации скоростного режима Ekinpatrol-2. Спасибо, что вы поднимаете вопрос об обеспечении жильем сотрудников полиции. По нему переговорю с акимом района, а также обращусь к акиму области, - ответил начальник ДП области.
Сельчане не только задавали вопросы, но и выразили благодарность полицейским. Так, жительница села Маржанколь Осакаровского района Гульшара Дюсембина отметила профессионализм сотрудников полиции в раскрытии факта мошенничество. Женщина, а также несколько ее знакомых передали некоему оптовому покупателю несколько голов крупного рогатого скота. Последний, пообещав с ними расплатиться в ближайшее время, пропал. Полицейские установили и задержали злоумышленника, который был привлечен к уголовной ответственности. Аферист возместил потерпевшим нанесенный им материальный ущерб.
В другом случае полицейские жительнице поселка Осакаровка вернули похищенный велосипед.
- Большое спасибо полицейским! – поблагодарила она.
Затем Ерлан Файзуллин встретился с личным составом ОП Осакаровского района. Он, отметил, что благодаря их слаженной работе по району снижена регистрация преступлений, повысился процент раскрываемости совершенных правонарушений. Также начальник ДП области обратил внимание на активное внедрение сервисной модели полиции в работу участковых инспекторов полиции.
- Президентом страны Касым Жомарт Токаевым правоохранительным органам поставлена ряд задач: пресекать на корню тяжкие преступления, обращать пристальное внимание на насилие в семейно-бытовых отношениях, распространению синтетических наркотиков, интернет- и телефонному мошенничеству. И вы должны соответствовать современным требованиям и вызовам, - подчеркнул Ерлан Фазуллин.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 3